Ұлттық құқық қорғау орталығының басшысы ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті

Ұлттық құқық қорғау орталығының басшысы ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі әрі үйлестірушісі Кэри Джонстонмен және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Роговпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ұлттық құқық қорғау институтының қызмет нәтижелері таныстырылып, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері мен осы саладағы одан арғы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Тараптар диалогты жалғастыруға және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екендіктерін растады.