
Елордадағы Достық үйінде «Жастар және дін» атты талдамалық баяндаманың тұсаукесері өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссия және Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы.
Сараптамалық талқылауға мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өкілдері, құқық қорғаушылар, теологтар, жас азаматтық белсенділер және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.
Ұсынылған баяндама жастардың діни ұстанымын кешенді зерттеуге негізделген. Онда жаңа буынның құндылықтық бағдарлары талданып, ар-ождан және діни сенім бостандығы құқығын жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ осы саладағы қазіргі үрдістер мен өзекті сын-қатерлер қарастырылған.
Қатысушылар ашық пікірталас өткізіп, онда баяндамада ұсынылған практикалық ұсынымдарды талқылады және оларды іске асыру бойынша келесі қадамдарды айқындады. Ұсынылған шаралар жастармен жұмысты жетілдіруге, конфессияаралық диалогты нығайтуға және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған.