
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Омбудсмен жанындағы Ғылыми комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Отырыста «Қазақстан Республикасындағы әйелдер құқықтарын қорғау: халықаралық стандарттар, ұлттық тәжірибе және даму перспективалары» атты монография жобасы қаралды.
Монографияда әйелдер құқықтарын қорғаудың теориялық-құқықтық негіздері мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктеріне, оның ішінде жабық мекемелерде отырған әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелеріне жан-жақты талдау жасалған. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың түрлері, гендерлік және экономикалық теңдік мәселелері, әйелдер құқықтарын қорғаудағы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының рөлі қарастырылған. Монографияны әзірлеу барысында кешенді әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді.
Ғылыми еңбек адам құқықтарын қорғау саласындағы ғалымдар мен мамандарға, мемлекеттік органдардың өкілдеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдеріне, сондай-ақ білім беру ұйымдарының оқытушылары мен білім алушыларына арналған.
Талқылау қорытындысы бойынша Ғылыми комиссия монографияны жариялауға ұсыну туралы шешімді бірауыздан қабылдады.
Отырысты қорытындылай келе, Артур Ластаев Ғылыми комиссия мүшелеріне белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау институттарын дамыту мен нығайтуға бағытталған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудің маңыздылығын атап өтті.