
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырған сталкингті алдын алу және некеге мәжбүрлеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараға, сондай-ақ, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Омбудсмен некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу бастамасының пайда болу тарихын, мемлекеттік органдармен бірлесіп Қылмыстық кодекске тиісті түзетулерді әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстары, сондай-ақ олардың көршілес мемлекеттердің заңнамасындағы ұқсас нормалардан айырмашылығы туралы айтты.
Артур Ластаев атап өткендей, Қазақстан қалыптастырған тәсіл халықаралық стандарттар мен гендерлік теңдік қағидаттарына толық сәйкес келеді.
Сонымен қатар, Уәкіл адам құқықтарын қорғау институты тарапынан әйелдердің құқықтарын қорғау тақырыбында монография әзірлеу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар қарастырылған мәселелер бойынша пікір алмасып, ашық диалог жүргізді.