Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

8 маусым Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Омбудсмен Артур Ластаевтың төрағалығымен өткен отырыста ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының бару сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Артур Ластаев ҰАТ қатысушылары ведомстволық бағынысты ұйымдарда ұсталатын адамдардан азаптау фактілері туралы шағымдар түскен жағдайда, оларды дереу прокуратура органдарына және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесіне жолдауға міндетті екенін атап өтті.

ҰАТ қатысушысының мандатын жүзеге асыру барысында мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін жағдайларға жол берілмеуі тиіс.

Отырыс барысында сондай-ақ ұйымдастырушылық және кадрлық мәселелер қаралды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі – ҰАТ қатысушыларының қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.

ҰАТ азаптаулардың және қатыгез қарым-қатынастың өзге де түрлерінің алдын алу жөніндегі миссиясын жүзеге асырады. Осы мақсатта оның қатысушылары қоғамнан оқшаулау және бас бостандығынан айыру орындарына, мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымдарға, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге превентивтік барулар жүргізеді.