Омбудсмен жеке қабылдау өткізді

Омбудсмен жеке қабылдау өткізді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қорғауындағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының заңсыз әрекеттері мәселесі бойынша адвокатты жеке қабылдады.

Қабылдау барысында Омбудсмен ұсынылған материалдарды зерделеп, көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме берді.

Азаматтарды қабылдау Уәкіл мен оның аппараты қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Омбудсменнің мандаты азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесуге бағытталған.