
Жезқазған бизнес және көлік колледжінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың азаматтық және саяси құқықтар бөлімі меңгерушісінің орынбасары міндетін атқарушысы Асель Сатвалдинова дәріс оқыды.
Дәріс барысында студенттерге адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары, оларды қорғаудың халықаралық стандарттары туралы ақпарат ұсынылды.
Асель Сатвалдинова елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар туралы айтып, жаңа Конституция құқық үстемдігі, әділеттілік және адам қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарын бекіту арқылы адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейткенін атап өтті.
Сонымен қатар, қатысушылар Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың азаматтардың өтініштерін қарау, мониторинг жүргізу, талдамалық материалдар дайындау және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бағытындағы қызметімен танысты.
Іс-шара қорытындысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адам құқықтары мәдениетін ілгерілетудегі студенттердің рөліне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.