Омбудсмен және Жамбыл облысының әкімі өңірдегі адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Омбудсмен және Жамбыл облысының әкімі өңірдегі адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы аясында Ербол Қарашөкеевмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар өңірдегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру шараларын талқылады.