«ОМБУДСМЕН ПЛЮС»: ҚАЗАҚСТАНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТІГІ МОДЕЛІНІҢ МӘНІ НЕДЕ?

«ОМБУДСМЕН ПЛЮС»: ҚАЗАҚСТАНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТІГІ МОДЕЛІНІҢ МӘНІ НЕДЕ?

Белгілі бір мемлекет БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы конвенциясының Факультативтік хаттамасын (АҚКФХ) ратификациялағаннан кейін, бір жыл ішінде ұлттық алдын алу тетігін (ҰАТ) құрауы тиіс.

ҰАТ бас бостандығын шектеу орындарына: түрмелерге, тергеу изоляторларына, полиция учаскілеріне, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, мәжбүрлеп емдеуге арналған ауруханаларға және басқа да көптеген жабық түрдегі мекемелерге тұрақты түрде бару үшін жауапкершілікті өзіне алатын институт болып саналады. Ол жалпы, бостандығы шектеулі адамдарға арналған әр мекемеге қатысты, өйткені осындай жағдайдағы адамдардың құқықтарын бұзу қаупі ерекше.

ҰАТ тұрақты сапарларының нәтижесі ретінде уәкілетті органдарға адам құқықтарын сақтау, тұру жағдайларын жақсарту, азаптаудың және басқа да еркін емес жерлердегі адамдарға қатысты қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер бойынша ұсынымдарды беру болып саналады.

Сондай-ақ ҰАТ қатысушылары қолданыстағы заңнамаға қатысты ұсыныстар мен ескертулерді беруге құқылы.

Бастапқыда ҰАТ қызметін іске асыру үшін белгілі бір мемлекеттік орган таңдалатын. Алайда, көптеген елдерде ұқсас проблема байқалды: бір мекеменің АҚКФХ талаптарын орындай алмауы.

Осылайша, «Омбудсмен Плюс» деп аталатын ҰАТ жаңа моделі қалыптастырылды. Ол мемлекет пен оның азаматтары арасындағы ынтымақтастық арқылы ҰАТ функцияларын іске асыруды көздейді.

Осылайша, мемлекет тарапынан ҰАТ қызметіне адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) және оның кеңсесі жауап береді, ал ҰАТ қатысушыларының құрамы тек қана азаматтық қоғам өкілдерінен – дәрігерлерден, заңгерлерден, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен құралады.

ҰАТ қатысушылары, өз кезегінде, оқшаулау орындарын бақылауды жүзеге асыру үшін Омбудсменнің белгілі бір құқықтарына ие болады. Бұл белгілі бір елдің кең аумағындағы жабық мекемелерін бақылау мүмкіндігінбереді.

Сондай-ақ, бұл модель тәуелсіз деп қабылданатын және азаматтардың сеніміне ие болған қоғамдық ұйымдармен ынтымақтасуына мүмкіндік тудырады.

«Омбудсмен +» моделі бүгінде Қазақстан, Армения, Дания, Молдова, Словения, Украина және басқа да бірқатар елдерде жұмыс істейді.

ҚР-да ұлттық алдын алу тетігін іске асыруға адам құқықтары жөніндегі уәкіл офисімен бірлесіп, БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) @undp.kazakhstan командасы қатысуда.