Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Toraighyrov University-де дәріс оқыды

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Toraighyrov University-де дәріс оқыды

Toraighyrov University-де студенттерге арналған «Жаңа Конституция – Жаңа буын» атты оқыту тренингі өтті. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталды.

Іс-шараның спикері ретінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында жаңа Конституциядағы адам құқықтарын қорғауға қатысты нормаларға кеңінен тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері күшейгенін, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерінің дамығанын атап өтті. Сонымен қатар, Омбудсмен институтының қызметіне және құқық қорғау институтының адам құқықтарын қорғау жүйесіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Университет ректоры Нұрлан Медетов құттықтау сөзін сөйледі.

Іс-шараға сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері мен «Еркіндік рухы» Жастар комиссиясының мүшелері қатысты.

Шара студенттердің өзекті құқықтық сұрақтары бойынша түсіндірме алған сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.