
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Мария Телалианмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады, сондай-ақ конституциялық реформалар контекстінде ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жаңартылған конституциялық ережелерді ескере отырып, құқықтық және институционалдық тетіктерді жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын тиімді іске асыруды қамтамасыз етудегі ұлттық құқық қорғау институттарының рөлін нығайтуға ерекше назар аударылды.
Диалог аясында Уәкіл кеңсесінің қызмет бағыттары, соның ішінде өтініштерді қарау, адам құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері де қамтылды.
Тараптар халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерді ескере отырып, сындарлы диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілігін растады.