
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының қатысушыларымен бірлесіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Жаңа Конституция – Жаңа буын» атты білім беру тренингін өткізді.
Орталық басшысы Динара Тaженова жаңа Конституциядағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі ережелер туралы айтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге ерекше назар аударды.
Студенттерге Омбудсмен институтының қызметі де таныстырылды.
Өз кезегінде «Еркіндік рухы» қатысушылары Комиссияның қызметі, оның құрамына қабылдау тәртібі және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы ақпарат берді.
ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – Бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Дүйсенов жас азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және озық тәжірибені жеткізу бойынша жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Тренинг жаңа Конституцияның ережелерін ілгерілету және жастарды өз құқықтарын қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында университет басшылығы Ұлттық орталықтың басшысына және Алматы қаласы бойынша Омбудсменнің өкіліне алғыс хаттар табыс етті.