
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдіктері мен Офисінің қызметкерлері Алматы қаласында өткен екі күндік оқыту семинарына қатысты.
Іс-шара Еуропа Кеңесі мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Офисінің бірлескен жобасы аясында ұйымдастырылып, өңірлік бөлімшелердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталды. Семинардың тақырыбы адам құқықтарын қорғау саласындағы талдамалық есептерді дайындау болды.
Қатысушылар деректерді жинау және жүйелеудің заманауи тәсілдерімен, ақпаратты талдау әдістерімен, сондай-ақ негізделген және құрылымдалған талдамалық материалдарды дайындау қағидаттарымен танысты. Дәлелдемелік базаға сүйену, қорытындылар мен ұсынымдарды қалыптастыру, сондай-ақ есептік қызметте халықаралық стандарттарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқыту бағдарламасы теориялық сабақтарды және топтарда практикалық жұмысты қамтыды.