
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жазасын өтеп жатқан, тергеу изоляторында отырған азаматтар мен олардың адвокаттарын жеке қабылдап, көтерген мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында Омбудсмен өтініш берушілерді мұқият тыңдап, ұсынылған материалдармен танысты.
Азаматтарды қабылдау Уәкіл мен оның кеңсесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.