АҚҰО қызметкерлері елордадағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мониторинг жүргізді

АҚҰО қызметкерлері елордадағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мониторинг жүргізді

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың (АҚҰО) қызметкерлері «ТМД елдеріндегі Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясында Астана қаласындағы «Шарапат» Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Сапардың негізгі мақсаты қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуына бақылау жүргізілді. АҚҰО өкілдері тұру жағдайларымен танысып, арнайы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалады. Жабық және жартылай жабық әлеуметтік мекемелерде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету – жай ғана әлеуметтік көмек емес, бұл мемлекеттің адамның лайықты өмір сүруіне деген қамқорлығының көрсеткіші. Бұндай жағдайда денсаулықты қорғау және адам қадір-қасиеті құқықтары мүлтіксіз сақталуы тиіс.

Сапар барысында орталық қамқорлығындағы азаматтардан әлеуметтік сипаттағы сұрақтар келіп түсті, олардың әрқайсысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер берілді.

АҚҰО елдегі әлеуметтік мекемелерге тұрақты түрде мониторингтік сапарларды жалғастырады.