
6–10 сәуір аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті ресми сайтында «Достастық ырғағы: денсаулық, құқық, әл-ауқат» атты онлайн-сауалнама өткізіледі.
Аталған іс-шара «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясында жүзеге асырылады.
Онлайн-сауалнама медициналық көмектің қолжетімділігі, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы өз құқықтары туралы хабардарлық деңгейі туралы өзекті ақпарат алу, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерінің тиімділігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Сауалнама анонимді, ерікті түрде өткізіледі және тіркелуді талап етпейді.