Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты

2026 жылғы 27 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Игорь Роговтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.

А. Ластаев «Қазақстанның жаңа Конституциясының құқық қорғау ережелері» тақырыбында баяндама жасады.

Өз сөзінде ол жаңартылған Конституцияда алғаш рет адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау қағидаты бекітіліп, олардың басымдығы айқындалғанын атап өтті. Бұл, атап айтқанда, Негізгі Заңның екінші бөлімінің атауының «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» болып өзгеруінен көрініс тапты.

Конституцияның негізгі жаңалықтарына ерекше назар аударылды. Олардың қатарында:

Миранда қағидаларын енгізу – ұстау кезінде бостандық шектеу негіздерін және құқықтарынтүсіндіру міндеті;

әділ сот талқылауының негізгі кепілдіктерін адамның іргелі құқықтарына арналған бөлімге ауыстыру, соның ішінде өзіне және жақындарына қарсы айғақтар бермеу құқығы, кінәсіздік презумпциясы, бір іс-әрекеті үшін қайта жазалауға жол бермеу;

ар-намыстың қолсұғылмаушылық кепілдіктерін кеңейту;

сот шешімінсіз үйден шығаруға тыйым салу;

неке туралы ережелерді нақтылау.

Бұл ретте Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атапөткендей, сот арқылы қорғалу, заң көмегін алу, еңбек ету, жеке меншік, денсаулық сақтау және білім алу, бейбіт жиналыстар, сайлау және сайлану құқығын қоса алғанда, негізгі құқықтар өзгеріссіз қалады.

1995 жылғы Конституцияда болған адамның барлық басқа құқықтары мен бостандықтары жаңа Негізгі Заңда сақталған (құқық субъектілігі, заңның кері күшіне жол бермеу, азаптауға, шет мемлекетке беріп жіберуге тыйым салу, заң мен сот алдындағы теңдік, ең төменгі жалақы кепілдіктері және т.б.).

Сөз соңында жаңа Конституцияда ең іргелі халықаралық стандарттар, ұлттық ерекшеліктер мен мемлекеттік құрылысты одан әрі дамытудың прогрессивті идеялары ескерілгені атап өтілді.