Қазақстан мен ЕО жыл сайынғы Адам құқықтары жөніндегі диалог өткізді

Қазақстан мен ЕО жыл сайынғы Адам құқықтары жөніндегі диалог өткізді

Омбудсмен кеңсесі басшысының орынбасары Әнуар Сабыров Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Адам құқықтары жөніндегі диалогтың 17-ші отырысына қатысты, онда құқықтарды қорғау саласындағы өзекті мәселелер, қабылданатын шаралар мен жүргізілетін реформалар талқыланды.

Іс-шара барысында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі құқық қорғау институтын институционалдық нығайту, сондай-ақ жабық мекемелерде адам құқықтарының сақталуын мониторингтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы аталған Диалог адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ілгерілету мәселелері бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың орнықты тетігі болып табылады.