Әйелдер түзеу мекемелері мен жасөспірімдер колонияларының кітапханалары жаңа кітаптармен толықтырылады

Әйелдер түзеу мекемелері мен жасөспірімдер колонияларының кітапханалары жаңа кітаптармен толықтырылады

Мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі – сотталғандарды түзеу және олардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау. Бұл мәселеде оқшаулау орындарында отырған кәмелетке толмағандар мен әйелдерге ерекше назар аударылады.
Осы орайда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сотталғандардың білім алуын және қоғамға бейімделуін қолдау үшін әйелдер түзеу мекемелері мен кәмелетке толмағандарға арналған колониялардың кітапханаларына кітаптар жеткізуді ұйымдастыруды ұсынды.

Алматы облысындағы әйелдерге және балалары бар әйелдерге арналған №10 орташа қауіпсіздік мекемесінің кітапханасы кітаптардың алғашқы партиясын алды.
Артур Ластаев: «Кітап – білімнің, рухани дамудың және жеке тұлғаның өсуінің маңызды көзі. Оқу мәдени деңгейдің артуына ықпал етіп, соған сәйкес сотталғандардың оңалуына және қоғамға қайта бейімделуіне көмектеседі»,- деп атап өтті.
№10 мекемесіне барған сапары аясында Омбудсмен сотталғандардың тұрмыс жағдайымен, тамақтану сапасымен, медициналық қызмет көрсетуі және еңбекпен қамтылуымен танысты.