Артур Ластаев Алматы облысындағы №57 түзеу мекемесіне барды

Артур Ластаев Алматы облысындағы №57 түзеу мекемесіне барды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Алматы облысындағы №57 орташа қауіпсіздік мекемесіне барды.
Омбудсмен сотталғандарды ұстау жағдайларымен, медициналық қызмет көрсету, тамақтандыру және жұмыспен қамту ұйымдастырылуымен танысты.
Сапар аясында Уәкіл сотталғандарды жеке қабылдады.
№57 түзету мекемесінде тігін өндірісі, наубайхана цехы жұмыс істейді, сондай-ақ құрама жиһаз өндіріледі. Колледжде дәнекерлеушілер, ағаш өңдеушілер, құрал-сайман шеберлері, электромонтерлер даярланады.