Артур Ластаев Алматы облысындағы №12 түзету мекемесіне барды

Артур Ластаев Алматы облысындағы №12 түзету мекемесіне барды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Алматы облысына жасаған сапары аясында орта қауіпсіздікті қамтамасыз ететін №12 түзету мекемесіне барды.
Сапар сотталғандардың құқықтарының сақталуын және оларды ұстау жағдайларының халықаралық актілерде бекітілген ең минималды стандарттарға сәйкестігін мониторингтеу мақсатында жүзеге асырылды.
Омбудсмен сотталғандардың медициналық қызмет көрсету, тамақтану және еңбекпен қамтылу тәртібімен танысты.
Сапар аясында Уәкіл сотталғандарды жеке қабылдады.
№12 түзету мекемесінің аумағының өндірістік аймағында жиһаз, металл бұйымдары және ағаш бұйымдарын өндіру бөлімшелері орналасқан. Сотталғандар колледжде тиісті мамандықтарды ала алады.