Артур Ластаев ЕҚЫҰ ДИАҚБ Миссиясының басшысы Дуглас Вейкпен кездесу өткізді

Артур Ластаев ЕҚЫҰ ДИАҚБ Миссиясының басшысы Дуглас Вейкпен кездесу өткізді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Миссиясының басшысы Дуглас Вейкпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар 15 наурызда Қазақстанның Жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдум өткізуге байланысты мәселелерді талқылады. Конституциялық реформаның негізгі аспектілеріне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге негізгі назар аударылды.

Талқылау барысында Уәкіл Офисінің қызмет бағыттары, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері таныстырылды.