
Құрметті әйелдер қауымы!
Халықаралық әйелдер күнімен ең шынайы әрі жылы құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Бұл мереке көктемнің, табиғаттың жаңаруының және адамзаттың әсем жартысының өкілдеріне деген құрметтің символы болып саналады. Барлық уақытта әйелдер шабыт пен жасампаздықтың қайнар көзі болып, қоғамның дамуына, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге маңызды үлес қосып келеді.
Сіздердің еңбектеріңіз, төзімдеріңіз және кең пейілдеріңіздің арқасында әрбір отбасында да, тұтастай қоғамда да сенім, өзара түсіністік пен үйлесім атмосферасы қалыптасады.
Осы мерекелі күні сіздердің еңбектеріңізге, адалдықтарыңызға және белсенді өмірлік ұстанымдарыңызға шынайы алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, амандық, жаңа жетістіктер мен жеке бақыт тілеймін. Өмірлеріңіз әрдайым қуаныш пен шабытқа толы болсын!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Артур Ластаев