
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев азаматтың сот төрелігіне қол жеткізу мәселелері бойынша жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында Омбудсмен өтініш берушіні мұқият тыңдап, ұсынылған материалдарды зерделеді.
Азаматтарды қабылдау Уәкіл және оның кеңсесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.
Омбудсменнің мандаты сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қызметіне араласпай, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдесуді көздейді.