Алғыс айту күнімен құттықтау

Алғыс айту күнімен құттықтау

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке бір-бірімізді қадірлеудің, жақсылықты бағалап, оған жылылықпен жауап берудің маңызын еске салады. Бұл - туған-туысқа, әріптестерге, достарға, көршілер мен ұстаздарға, өз еңбегімен, қамқорлығымен және қолдауымен өмірімізді жақсартуға үлес қосып жүрген барша жанға «рақмет» айтуға тамаша мүмкіндік.

Алғыс адамдарды біріктіреді, шабыттандырады және күш-қуат береді. Ол бізді айналамыздағы жандарға мұқият болуға, әр адамның бойынан жарық пен қадір-қасиетті көруге үйретеді. Қарапайым алғыс сөздері, шынайы қолдау мен дер кезінде көрсетілген көмек сенім мен келісімге негізделген орта қалыптастырады.

Әр шаңырақта бейбітшілік пен береке орнасын, жүректеріңіз жылулыққа толы болсын.

Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев