
26 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың Орталық Азия бойынша БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасының (БҰҰ БІЖКБ) Өкілі Махир Сафарлимен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Омбудсмен кеңсесінің және Ұлттық алдын алу тетігінің негізгі қызмет бағыттары таныстырылды. Азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс нәтижелері, Омбудсменнің өңірлік өкілдері желісі арқылы құқық қорғау институтының қолжетімділігін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру мен құқықтық ағартуды дамыту бағытындағы жұмыстардың қорытындыларына ерекше назар аударылды.
Артур Ластаев пен Махир Сафарли халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін дамытуға бағытталған әріптестікті одан әрі нығайтуға, сараптамалық тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.