
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа құрылымы» атты сараптамалықалаңның жұмысына қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа Конституция жобасын ілгерілету және түсіндіру.
Интерактивті сараптамалық талқылау барысында Омбудсмен Негізгі заң жобасында көрсетілген негізгі құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктері туралы пікір білдіріп, барлық мемлекеттік органдар мен тұтастай қоғам қызметінде адам құқықтарының басымдығын бекіту жөнінде айтып өтті.