
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев «2026 жылғы Конституциялықреформа: саяси жүйені жаңғырту және жаңақұқықтық институттар» тақырыбындағыдөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Қазақстан Республикасы Заңнама жәнеқұқықтық ақпарат институты Ұлттықакадемиялық кітапханамен бірлесіпұйымдастырған іс-шара барысындареспубликалық референдумға шығарылатынКонституция жобасының негізгі жаңалықтарыталқыланды.
Артур Ластаев өз сөзінде жаңаконституциялық нормаларды түрлі пікірталасалаңдарында талқылау және түсіндіруолардың дұрыс түсінілуіне ықпал ететінін және15 наурызда саналы таңдау жасауға қолдау көрсететінін атап өтті.
Омбудсмен адам, оның өмірі, құқықтарымен бостандықтары мемлекеттің ең жоғарықұндылықтары екеніне тоқталды.
«Конституция жобасының 15-бабында адамқұқықтары мен бостандықтары ажырамас әріиеліктен шығарылмайтын деп танылады. Бұлолардың әркімге туғаннан тиесілі екенінбілдіреді. Оларды ерікті түрде айыруға, беругенемесе жоюға болмайды. Мемлекет олардытануға және қорғауға міндетті», – деп атап өттіУәкіл.
Артур Ластаевтың айтуынша, Негізгі заңжобасында бірқатар іргелі құқықтар едәуіркүшейтілді, жаңа кепілдіктер енгізілді жәнекейбір ережелер нақтыланды. Мәселен, жобаның 20-бабында адамның ар-намысынақол сұғылмауына қатысты жеке кепілдік көріністапқан. Қазіргі уақытта мұндай кепілдік тек қадір-қасиетке қатысты ғана қолданылады. Сонымен қатар, бұл құқықтардың тек қолсұғылмайтын ғана емес, сонымен бірге заңменқорғалатыны нақтыланған. Жобаның 30-бабында неке туралы ережелер нақтыайқындалған: неке – ерікті түрде жасалатын, тек мемлекет тарапынан тіркелетін ер мен әйелдің одағы, онда екі тарап тең құқықтарға ие.
Жалпы алғанда, қолданыстағы Конституцияда көзделген адам құқықтары мен бостандықтарының барлығы сақталған. Атап айтқанда, құқықсубъектілік, заңның кері күшінің жол берілмеуі, заң мен сот алдындағы теңдік қағидаттары сақталады. Сондай-ақ сот арқылы қорғалу құқығы, заң көмегін алу құқығы, еңбек ету, жеке меншікке ие болу, денсаулық сақтау және білім алу құқықтары өзгеріссіз қорғалатын болып қала береді.