
Әйелдер құқығын қорғау мәселелері бойынша жүргізіп жатқан зерттеу аясында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері Астана қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін дағдарыс орталықтарына барды («Үміт», «Қорғау»).
Барудың мақсаты зардап шеккендерге мамандандырылған көмек көрсету тәжірибесін зерделеу, олардың болу жағдайларын бағалау, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін талдамалық деректер жинау болды.
Сапар барысында Орталық өкілдері отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін қоса алғанда, мекемелердің қызметімен танысты.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл, қызметтердің қолжетімділігі, құпиялылық және қауіпсіздік стандарттарын сақтау, сондай-ақ оңалту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларының тиімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дағдарыс орталықтарының қызметкерлері алдын алу бағдарламаларын кеңейту қажеттілігін және қол жетімді қолдау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыру қажеттілігін қоса алғанда, мекемелер алдында тұрған ағымдағы қиындықтар туралы ақпаратпен бөлісті.
Сапарлардың қорытындысы бойынша құқық қорғау институты әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктерін жетілдіру, ерте ден қою жүйесін күшейту және алдын алу шараларының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар дайындауға бағытталған талдамалық жұмысты жалғастырады. Алынған деректер әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша монографияны, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар үшін сараптамалық қорытындылар мен ұсыныстарды дайындау кезінде пайдаланылатын болады.