
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта мемлекеттік қызметшілердің «БЖЗҚ» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы
19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған Үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Кездесу мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін сақтау мәселелеріне арналды.
Атап айтқанда, «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің жұмыс істеуі, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру туралы айтып берді.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің осы мәселедегі кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді, азаматтардың зейнетақы жүйесіне және мемлекеттің әлеуметтік бастамаларына сенімін нығайтады.