
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар 2023 – 2025 жылдары Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен БҰҰДБ бірлесіп жүзеге асырған «Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру» жобасының қорытындыларын талқылады.
Сонымен қатар, Қазақстанда адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды ілгерілету және одан әрі ынтымақтастық бағыттары айқындалды.
Артур Ластаев пен Катаржина Вавьерниа азаматтардың құқықтық қорғауға қолжетімділігін кеңейту және Қазақстанда заң үстемдігі қағидаларын нығайту үшін серіктестікті жалғастыру маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында Омбудсмен 15 наурызда республикалық референдумға шығарылатын елдің жаңа Конституциясының жобасы туралы баяндады.
Артур Ластаев конституциялық реформалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.