
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшысы Динара Таженова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің халықаралық құқық факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттер Қазақстан Республикасындағы Омбудсмен институтының құрылу тарихымен, оның негізгі міндеттері мен өкілеттіктерімен, сондай-ақ 2022 жылғы конституциялық реформалар аясындағы институционалдық нығаю өзгерістерімен танысты.
2025 жылғы адам құқықтарын қорғау саласындағы нәтижелерге аса назар аударылды.
Кездесудің жеке бөлімі «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның жұмысына арналды. Қатысушылар комиссия құрамына қосылу тәртібі, жастардың құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі іс-шаралар және жүзеге асырылған бастамалар жөнінде ақпарат берді.