Артур Ластаев конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамына кірді

Артур Ластаев конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамына кірді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) құрамына кірді.

Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Комиссияның міндеті Конституциялық реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Оның құрамы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан, мәслихат төрағаларынан, бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларынан, қоғам қайраткерлерінен, мемлекеттік органдардың, өңірлердің қоғамдық кеңестерінің, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдерінен тұрады.