ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету сапасы арттырылуда

ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету сапасы арттырылуда

2025 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ластаев Артур қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 12 мониторингтік сапар жүргізіп, олардың барысында сотталғандардың сапалы медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды.

Омбудсменнің ұсынымдарын қарау қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ҚАЖ медициналық бөлімшелеріне ТМККК және МӘМС аясындағы бірыңғай медициналық ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұйымдастырып, сондай-ақ қашықтан дәрігерлік консультациялар алу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, Ақмола облысындағы № 5 мекемеде медициналық персоналдың тәулік бойы болуын және күндізгі стационарды көздейтін дәрігерлік амбулаторияларды ашу нормативтерін әзірлеуге бағытталған пилоттық жоба іске асыру сатысында тұр.

Сондай-ақ Қарағанды облысындағы мекемелерде сегіз дәрігерлік амбулатория салу жөніндегі ұсынымдар орындалды, ал Орал, Ақтөбе және Атыраудағы мекемелерде жаңа медициналық объектілер салу мәселелері пысықталуда.