Жастардың құқықтары жөніндегі «Еркіндік рухы» комиссиясының құрамы өзгерді

Жастардың құқықтары жөніндегі «Еркіндік рухы» комиссиясының құрамы өзгерді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ластаев Артур Жастардың құқықтары жөніндегі «Еркіндік рухы» комиссиясының құрамын өзгерту туралы бұйрыққа қол қойды.

2025 жылғы маусым айында құрылған Комиссия бастапқы кезеңде 43 адамнан тұрды. Қыркүйек айында, оның ішінде шетелде білім алып жатқан жастардан түскен өтінімдерге байланысты, құрам 54 адамға дейін ұлғайтылды.

Қараша айында өткен II отырыста қатысушылар құрамын оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Жаңа іріктеу мен оңтайландыру нәтижесінде қатысушылардың жалпы саны қазір 52 адамды құрайды. Комиссияға жаңа қатысушылар қабылданып, құрам Абай, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды және Қостанай облыстарында өзгертілді.

Комиссияның негізгі мақсаттары болып жастардың құқық қорғау мәселелеріне назар аударту, оларды құқық қорғау қызметіне тарту, сондай-ақ құқықтық ағартуды дамыту және медиа мен онлайн кеңістіктегі ақпараттық қатысуды күшейту анықталған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» комиссиясы жастардың құқықтарын қорғау және жаңа буынның құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі пікір алмасу, бастамалар мен ұсыныстар алаңы болып табылады.