
15 қаңтарда Адам құқықтары бойынша уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті.
Отырыс барысында ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларына мандатты мекемелерді аралау кезінде цифрландыру дағдыларын меңгеруге арналған сабақ жоспары бекітілді.
Жыл сайын Үйлестіру кеңесі ҰАТ қатысушыларының мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жабық мекемелерде тұтқындардың жағдайын жақсарту бойынша берген ұсыныстарына негізделген Қорытынды есеп дайындайды.
Аталған есепті дайындау үшін Үйлестіру кеңесі мүшелерінен жұмысшы топ құрылып, оның жұмыс жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесі пен ҰАТ қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері қаралды.
Адам құқықтары бойынша уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі – ҰАТ қатысушыларының қызметін тиімді үйлестіру мақсатында құрылған консультативтік-кеңестік орган.
Ұлттық алдын алу тетігі азаптау немесе басқа да қатыгездіктің алдын алу миссиясын атқарады. Осы мақсатта оның қатысушылары қоғамнан оқшауланған және бостандықтан айыру орындарына, мәжбүрлеп емдеу ұйымдарына, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге алдын ала бақылау жасауға барады.