
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ақмола облысындағы бас бостандығынан айыру мекемелеріне жұмыс сапарлары аясында Заводской кентіндегі поселкелік полиция бөлімшесіне және Қарабұлақ кентіндегі учаскелік полиция пунктіне мониторинг жүргізді.
Учаскелік полиция пункттері уәкілдің мандатына кіретін мекемелер тізбесіне енгізілген.
Сапар барысында Омбудсмен полиция пункттерінің қызметімен, олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен және инспекторлардың, соның ішінде азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс жағдайларымен танысты.