
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ақмола облысының Степногорск қаласында орналасқан №4 және №5 орта және қатаң қауіпсіздік деңгейіндегі мекемелерге барды.
Сапарлардың мақсаты – сотталғандардың құқықтарының сақталуын және оларды ұстау жағдайларының халықаралық актілерде бекітілген ең төменгі стандарттарға сәйкестігін тексеру.
Омбудсмен сотталғандардың тамақтану сапасын, медициналық қызмет көрсетілуін және еңбекпен қамтылуын қоса алғанда кешенді мониторинг жүргізді.
Сапар барысында Артур Ластаев сотталғандардың отрядтардағы тұрмыс жағдайларымен, шағымдар беру терминалдарының жұмысымен, сондай-ақ мекемелер аумағында жұмыс істейтін ағаш өңдеу, резеңке қайта өңдеу және металл конструкцияларынан бұйымдар шығару саласына маманданған кәсіпорындардың қызметімен танысты.
Мекемелерге бару аясында Омбудсмен 40 сотталғанды жеке қабылдап, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны неғұрлым жеңіл түрлеріне ауыстыру мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ үкімдерге шағымдану үшін тұтас кассация тәртібімен істерді қарау рәсімін түсіндірді.
Сапар қорытындысы бойынша Артур Ластаев мекемелер әкімшілігіне сотталғандарды ұстау жағдайларын жазаны өтеудің халықаралық қағидаларына сәйкестендіруге бағытталған ұсынымдар берді.