2025 жылы Омбудсмен 14 мониторингтік бару жүргізіп, 52 ұсыным енгізді

2025 жылы Омбудсмен 14 мониторингтік бару жүргізіп, 52 ұсыным енгізді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев 2025 жылы Астана қаласында, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 14 рет бару жүргізді.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының азаматтары орналасқан Мәскеу қаласындағы шетелдік азаматтарды уақытша ұстау орталығына барды.

Сапарлардың негізгі мақсаты – қамауда ұсталатын адамдардың құқықтарының халықаралық ең төменгі стандарттарға сәйкестігін мониторингтеу болды. 270 азамат қабылданды.

Барулардың қорытындысы бойынша Уәкіл мемлекеттік органдардың атына 52 ұсыным енгізді, оның ішінде 41-і орындалды, 11-і іске асыру сатысында тұр.