
Сотталғандарды ұстау жағдайларымен байланысты азаптаулар мен қатыгездікке жол бермеу – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдері қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Жабық мекемелерге бару және шағымдарды қарау барысында адам құқықтарының ықтимал бұзылу белгілеріне ерекше назар аударылып, тиісті шаралар қабылданады.
Осылайша, Шымкент қаласы бойынша өңірлік өкіл Нұржан Әбдезов сотталғандардың бірін жеке қабылдады.
Оның айтуынша, 2025 жылғы маусым айында мекеме қызметкерлері тарапынан азапталғанын хабарлады.
Сонымен қатар қабылдау барысында тағы бір сотталғанның соққыға жығылып, оның жақ сүйегінің сынғаны анықталды.
Аталған жағдайлар бойынша өңірлік өкіл тарапынан жедел түрде тиісті әрекет ету шаралары қабылданды.
Нәтижесінде медициналық көмекті уақтылы көрсетпегені үшін медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне қатысты ҚК-тің 362-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.
Құқық қорғау институты мекеме қызметкерлерінің әрекеттерінде азаптау белгілерінің болуына байланысты олардың әрекеттерін қайта қарау жөнінде жоғары қадағалау органына жүгінді.
Бас прокуратура аталған ұстанымды қолдап, өткен жылдың соңында сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚК-тің
146-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды. Мекеменің үш қызметкері қамауға алынды.