
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке дәстүрлі түрде жаңаруды, үмітті және жасампаздыққа ұмтылысты білдіреді. 2026 жыл нық қадаммен алға жылжудың, жаңа идеялар мен олардың табысты жүзеге асырылуының жылы болсын.
Сіздерге зор денсаулық, амандық және ертеңгі күнге деген сенім тілеймін. Жаңа жылда әділдік, әрбір адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу сынды мәңгілік құндылықтар одан әрі нығайып, қоғамымыздың бірлігі еліміздің дамуының берік негізі болып қала берсін.
Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік, келісім және толағай табыс тілеймін!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Артур Ластаев