Уәкіл 2025 жыл бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Уәкіл 2025 жыл бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев 2025 жылғы құқық қорғау институтының қызмет нәтижелеріне арналған отырыс өткізді.

Атап айтқанда, құқық қорғау институтына келіп түскен азаматтардың өтініштері өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға артып, 9,7 мыңнан асты.

Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 71 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 4 қылмыстық іс тіркелді. Уәкілетті органдарға 150 ұсыным жолданды.

Есептік кезеңде Уәкіл және оның өкілдері 818 рет мекемелер мен ұйымдарға барды.

Тексеру нәтижелері бойынша 2 438 ұсыным енгізіліп, оның
2 029-ы орындалды. 329 қызметкер тәртіптік, 76 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 3 қылмыстық іс тіркелді.

Отырыc аясында өкілдердің жұмыс тиімділігін арттыру және жергілікті жерлерде құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Қорытындысы бойынша Артур Ластаев азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыруды, мандаттағы мекемелерге бару аясын кеңейтуді, құқықтық ағарту шеңберіндегі қызметті жандандыруды, сондай-ақ енгізілетін заңнамалық бастамалар бойынша жұмысты жақсартуды тапсырды.