Омбудсмен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысымен кездесу өткізді

Омбудсмен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Роговпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында екі тарап адам құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және халықаралық серіктестер арасындағы диалогты дамыту мәселелерін талқылады. Адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды іске асыру, тәжірибе алмасу және құқық қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларға ерекше назар аударылды.

Уәкіл өз Офисі қызметінің негізгі бағыттарын, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қарау, мемлекеттік органдармен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігі шеңберіндегі жұмысты таныстырды.

Кездесу барысында құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша тұрақты өзара іс-қимылдың қажеттілігі айтылды.