Уәкіл жанындағы Сарапшылық кеңестің отырысы

Уәкіл жанындағы Сарапшылық кеңестің отырысы

21 қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен Сарапшылық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында қатысушылар «Азаптауларға, қатігез, адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалауға қарсы іс-қимыл туралы» Арнайы баяндаманың жобасын қарастырды.

Отырыста Артур Ластаев соңғы жылдары Қазақстан азаптау фактілерінің алдын алу және жолын кесу бағытында елеулі жұмыс атқарғанын атап өтті.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сарапшылық кеңес – кеңес беру және талдамалық бағыттағы консультативтік орган. Кеңес құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық қорғаушылар және тәуелсіз сарапшылар кіреді.

Кеңестің басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне қатысты тиімді ұсыныстар әзірлеуге бағытталған ашық әрі сындарлы пікір алмасу алаңын дамыту.