
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа 20 қарашада жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой келді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Омбудсмен Кеңсесінің қызметін таныстырып, адам құқықтарын қорғау және институционалдық даму жөніндегі шаралар туралы айтты.