Омбудсмен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесу өткізді

Омбудсмен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесу өткізді

 20 қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен жұмыс кездесуі барысында бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Тараптар 2026–2030 жылдарға арналған Тұрақты даму саласындағы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы Ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын әзірлеу кезіндегі негізгі басымдықтар мен ықтимал серіктестік бағыттарына назар аударды.

Кездесуге Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова да қатысып, орталықтың құқық қорғау саласындағы жұмыс тәсілдері мен қолға алынған тиімді бастамалар туралы ақпарат ұсынды.

Кездесу соңында тараптар адам құқықтарын ілгерілету бағытындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға дайындықтарын білдірді.