
19 қараша күні Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен Ғылыми комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасы мен ТМД мемлекеттерінің пенитенциарлық жүйесі халықаралық құқық тұрғысынан: стандарттардан әрекетке дейін» атты монография жобасын талқылады.
Еңбекте қылмыстық-атқару жүйесіндегі адам құқықтарының қамтамасыз етілуі кеңінен қамтылған, халықаралық және ұлттық заңнамалық нормалар, сотталғандардың ұсталу жағдайы, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, азаптаудың алдын алу тетіктері және институционалдық тәжірибелер жан-жақты зерттелген.
Талқылау нәтижесі бойынша Ғылыми комиссия монографияны баспаға ұсыну туралы шешім қабылдады.