Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы

14 қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінің негізгі мәселесі Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметін жетілдіру, барулардың нәтижелері бойынша құжаттардың сапасын арттыру болды.

ҰАТ цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде «ҰАТ» ақпараттық базасындағы есеп нысандарын пысықтауға ерекше назар аударылды. Нормативтік база, ҚНжЕ, нұсқаулықтар мен салалық бұйрықтар зерттелді, қолда бар практика қолданылды. Нәтижесінде әмбебап, сонымен қатар мандатқа бағынатын мекемелер қызметінің ерекшелігін ескеретін есептердің 12 нысаны пысықталды.

Сонымен қатар, өткен мониторингтік баруларды талдау негізінде 2026 жылы алдын ала баруларды жоспарлау мәселесі талқыланды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі-бұл ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.