
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен «Еркіндік рухы» жастардың құқықтары жөніндегі комиссиясының ІІ отырысы өтті.
Nazarbayev University-де Қазақстанның барлық өңірлерінен келген Комиссия мүшелерінің қатысуымен гибридті форматта өткен отырыс барысында Уәкіл кеңсесіне жастар тарапынан түскен өтініштерді зерттеудің алдын ала нәтижелері таныстырылды. Қатысушылар Омбудсменнің өңірлік өкілдерімен өзара іс-қимылды күшейту, жастар белсенділеріне арналған оқыту тренингтерін ұйымдастыру және цифрлық ортада кері байланыс арналарының дамуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар білдірді.
Сондай-ақ Комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы есеп ұсынылып, алдағы кезеңге арналған бастамалар талқыланды.
Қорытындылай келе, Артур Ластаев өңірлік жастар құрылымдарымен өзара іс-қимылдың күшейгенін және Комиссия мүшелерінің құқықтық ағарту жобаларына қатысуының жандана түскенін атап өтті.