
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының, демократиялық қағидаттар мен адам құқықтарын құрметтеуге негізделген мемлекеттіліктің маңызды нышаны.
Республика күні – жасы мен кәсібіне, көзқарасы мен сеніміне қарамастан барша қазақстандықтарды біріктіретін ортақ мереке. Ол бізге ел бірлігінің, ортақ жауапкершіліктің және әр азаматтың мемлекет дамуына қосқан үлесінің маңызын еске салады.
Бүгінгі таңда Қазақстан әділетті, құқықтық және инклюзивті қоғам құру жолында нық қадам жасап келеді. Әр азаматтың дауысы ескерілетін, құқықтары мен еркіндіктері қорғалатын ел құру – бәріміздің ортақ мұратымыз. Бұл жолдағы жетістіктеріміз заңдар мен реформалардың ғана емес, ел тұрғындарының, кәсіби қауымдастықтар мен азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Біздің қоғамның берік іргетасы – адам қадір-қасиетіне деген құрмет, кемсітушілікке жол бермеу, әділ сот төрелігіне қолжетімділік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Дәл осы құндылықтар заманауи және ашық Қазақстанның дамуына бағыт-бағдар береді.
Баршаңызға мықты денсаулық, бейбітшілік, береке және жаңа жетістіктер тілеймін! Бұл мереке сіздерге күш-жігер мен жарқын болашаққа деген нық сенім сыйласын!
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Артур Ластаев